«Әли+» бөбекжай балабақшасы ЖШС
«Әли+» бөбекжай балабақшасы ЖШС
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы ,Құркелес е/м Нұрлыжол ауылы, ЖШС «Әли+» бөбекжай балабақшасы. № 160240003181 құрылтайшысы Б.К Джалалов 2016 - жыл 01- желтоқсандағы №02-шешімімен 2016 жыл 01 желтоқсаннан бастап ашылды. ЖШС «Әли+» бөбекжай балабақшасы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды. Білім беру барысында мектепке дейінгі 18 педагог қызмет етеді.Олардың ішінде 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 13 тәрбиеші, 1 музыкант, 1 дене тәрбиесі, 1 психолог жұмыс жасайды.
2-қабатты ғимарат типтік үлгіде ыңғайластырылған. Балабақша 140 орындық, қазіргі таңда 140 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа топтастырылған.
1. Кіші топ «Сәбилер» (2 жастағы балалар) - 20 бала
2. Ортаңғы топ «Ботақан» (2 жастағы балалар) - 20 бала
3. Ортаңғы топ «Құлыншақ» (3 жастағы балалар) – 25бала
4. Ересек топ «Бәйтерек» (4 жастағы балалар) – 25 бала
5. Ересек топ «Қарлығаш » (4 жастағы балалар) – 25 бала
6. МАД тобы «Ақкөгершін» (4 жастағы балалар) – 25 бала
Балабақша аптасына 5 күндік, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды.Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, психолог, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі,асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Меңгеруші: Арызбекова Улжалғас Абаевна
Балабақшаның басты мақсаты
Балабақшаның негізгі мақсаты — әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның физикалық, психологиялық, зияткерлік және адамгершілік тұрғыдан үйлесімді дамуына жағдай жасау. Сонымен қатар, баланы мектептегі оқуға сапалы түрде дайындау.
Міндеттері
Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту.
Шынықтыру шараларын жүргізу және қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Зияткерлік және танымдық даму
Баланың тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту және логикалық ойлауын дамыту.
Мектепке қажетті қарапайым математикалық және сауат ашу негіздерін меңгерту.
Баланы қоғамда (құрдастарымен және ересектермен) қарым-қатынас жасауға үйрету.
Эмоционалдық интеллектіні дамыту: өз сезімдерін түсіну және басқаларды сыйлау.
Өз бетінше қызмет ету (өзіне-өзі қызмет көрсету) дағдыларын баулу.
Ұлттық құндылықтар: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Шығармашылық: Музыка, бейнелеу өнері және еңбекке баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу.
Экология: Табиғатты аялауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету.
Балабақша тек баланы ғана емес, ата-аналарды да педагогикалық тұрғыдан қолдауды мақсат етеді:
Отбасы мен балабақша арасындағы біртұтас тәрбие кеңістігін құру.
Ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.
Қазіргі таңда балабақша міндеттерінің ішінде цифрландыру (жаңа технологияларды қолдану) мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.